Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

Ауыл мектептері үшін өткізілетін республикалық олимпиада

        Ауыл мектептері үшін өткізілетін республикалық олимпиада – дарынды оқушыларды анықтаудың тиімді тетігі, оқушылардың терең білім, жауапкершілік пен аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыратын білім сайысы. Астанада өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Тұрсынхан Анель, пән мұғалімі Жұмашова Айзада қазақ тілінен топ жарып, ІІІ орынмен жеңімпаз және жүлдегер атанды. Орыс тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Махаш Қаракөз, жетекшісі Мұсабек Майра сертификат иеленіп, мектеп-гимназия абыройын асқақтатып, мерейін тасытты. Жеңімпаздардың ордасы болған алтын ұя мектептен топ жаратын дарабоз шәкірттеріміз көбейе берсін!