АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС
"БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ- ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ"
Ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап көрсету, мектеп ата-ана ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Бала қауіпсіздігі -қоғам келешегі» тақырыбында ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде "Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия " жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 205 ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде:
. 1.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
. Интернеттегі қауіптер;
. шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
. балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;
. әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар
. 2.Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру және «Құндылықтарға бағытталған тәрбие» 2024-2025 оқу жылының тәрбие жоспарындағы ата-аналардың орны.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мамандар жұмыстар жүргізіп, ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналармен кері байланыс жүргізілді.