"АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ"
«СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫН БА?»
Түркістан облысы, Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназияда 2024-2025 оқу жылындағы наурыз айының екінші аптасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында наурыз айы-«Тәуелсіздік және Отаншылдық» айын негізге ала отырып «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» жобасы аясында жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналардың балалардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру мақсатында 8"А" сынып жетекшісі Фарида Жақыпбектің "Сіздің балаңыз төтенше жағдайға дайын ба?" атты сабағы өткізілді.
Жиналыс барысында аталған тақырып бойынша ата аналармен жұмыс жүргізілді. Ата-аналардың балаларға әр түрлі төтенше жағдайлардан қорғау, жауапкершілікке үйрету, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға, төтенше жағдайлар кезінде бала өзін қалай қорғану керектігі туралы нұсқаулар беру, үйрету ата-аналық міндетіміз болып табылатынын ұмытпауға бағытталған ұсыныстар берілді.
Ата-аналарға төтенше жағдайлардың екі түрін атап өтті яғни, табиғи және техногендік қауіптер. Табиғи - табиғи өрттер, індеттер, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандарына аурулар мен зиянкестердің зақымдануы салдарынан төтенше жағдайлар. Техногендік – қауіпті өндірістік факторлардың, көліктік және басқа да жазатайым оқиғалардың,өрттердің (жарылыстардың) шығарындылары,радиобелсенді және биоақпараттық заттардың шығарындылары, апаттар, ғимараттар мен құрылымдардың кенеттен құлауы, бөгеттердің жарылуы, электр және байланыс жүйелеріндегі апаттар.
Бағдарлама барысында ата-аналарға балалар төтенше жағдайда кімге хабарласуға болатынын түсініп, есте сақтау керек екендігін және ата-аналар балаларымен әртүрлі қиын жағдайларда мінез-құлық үлгілерін пысықтау керек, яғни бала адасып қалған кезде полицияға хабарласу, өрт шықса 101 немесе 102 қызметімен байланысу. Балаңыз жедел жәрдем телефондарыны нөмірлерін біліп қана қоймай, байланыс қызметімен қалай сөйлесу және дұрыс шақыру керектігін білуі маңызды. Мысалы: үйде немесе орманда өрт шыққан кезде, балаңыз өрт сөндіру бөлімшесіне хабарласып, жанып жатқан мекен-жайын, үйдің нөмерін, кіреберіс есіктің кодын, өзінің аты-жөнін хабарлауы керектігіне бағытталған практикалық кеңестер мен әдістемелер ұсынылды.
Сабақ мақсаты: Төтенше жағдай кезінде ата-аналардың балалардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Ата-аналарды балалардың төтенше жағдайға дайындығын қалыптастыруға ынталандыру.
2.Баланы төтенше жағдайларға дайындауға арналған ата-аналардың практикалық дағдыларын дамыту.
3.Төтенше жағдайға дұрыс дайындықтың бала өмірін қалай сақтап қалатыны негізінде ата-аналардың жауапкершілік сезімін арттыру.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғаның жеке қасиеттері:
Бірлік пен ынтымақтастық
Қорытынды:
Ата-аналар өздеріне қажетті ақпарат алып, төтенше жағдай кезіндегі балалардың қауіпсіздігі туралы жауапкершілігіне қатысты мәселелерге назар аударуға ықылас танытты.