Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 24.10.2025 жылы
“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Республика күніне орай “Қыран елім-Қазақстан” тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке,патриоттыққа,адалдыққа тәрбиелеу.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Гимні орындалып,Мемлекттік Ту көтерілді.Салтанатты жиында білім мен өнер сайысына қатысқан жеңімпаз оқушылар марапатталды.
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің шешімімен “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.
Республика күні ұлттық мереке болып алғаш рет 1995 жылы қазанда жарияланды.
25 қазан ұлттық мереке Република күні құтты болсын!





