Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп гимназиясында 8-11 сынып оқушыларымен "Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге жол жоқ!» атты маңызды құқықтық тақырыпта жиын өткізілді.
Мектеп оқушыларына жеке бостандықтың маңызы мен заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 16-бабына сәйкес, адамның жеке бас бостандығына құқығы бар.
Әр адам өз өмір жолын, білімін, мамандығын және отбасын еркін таңдауға құқылы.
Зорлық-зомбылық – адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне қол сұғу. Бұл әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Физикалық немесе психологиялық қысым көрсету – заңмен жазаланады.
Сталкинг (қудалау)
Сталкинг – адамды үнемі мазалау, аңду, қорқыту арқылы оның тыныштығын бұзу. Бұл да жеке өмірге қол сұғу болып табылады және заңмен қорғалады.
Некеге мәжбүрлеу
Некеге мәжбүрлеу – адамның еркінен тыс некеге тұруға итермелеу. Қазақстан заңнамасына сәйкес, неке тек екі тараптың ерікті келісімімен ғана қиылады. Мәжбүрлеу – құқық бұзушылық.
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын білуге және қорғауға үйрету, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру.
Тәрбие жиыны барысында оқушыларға кері байланыс жүргізіліп,сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді





