7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Денсаулық – әр адамның ең басты байлығы. Осы айтулы күннің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында мектебімізде «Салауатты өмір салты-табысты болашақтың негізі» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Жасөспірімдерге табыс - денсаулықты сақтау, еңбек ету және тәртіпті ұстану бағытындағы күнделікті таңдаудың нәтижесі екенін көрсету. Жеке үлгі - ең мықты мотивация.
Бүгінгі күні әрқайсымыз дұрыс тамақтанып, белсенді өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болып, өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына көңіл бөлуіміз қажет.
Денсаулықты сақтау – өз қолымызда!
Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі!
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!





