Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 1-11 сынып білім алушыларына "Республика мақтанышым!" тақырыбына тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға еліміздің егемендік, тәуелсіздік жолындағы еңбектері сіңген тұлғаларымыздың еңбектері таныстырылды. Сабақ барысында оқушылармен "Жылдар сөйлейді" тақырыбында тапсырмалар берілді. Оқушылар барынша белсенділік танытты. Қауіпсіздік сабағы ретінде "Онлайн ойындарының қауіптілігі және интернетке тәуелділік " тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізіліп, оқушылармен пікірсайыс ұйымдастырылып,оқушылардың нақты ойлары тыңдалды. Оқушыларға мұндай жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру туралы айтылып ,оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ! БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА! ОТАНЫМЫЗ БИІКТЕН ЖАРҚЫРАСЫН!
#РЕСПУБЛИКАКҮНІ #БІРТҰТАСТӘРБИЕ