Түркістан облысы
Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында "Еңбегі адал-жас өрен"жобасы аясында
“Наурыз - ұлттық ойындар мерекесі” тақырыбында шара өтті.
Қазақ халқы ежелден мереке күндері жарыс ұйымдастырған. Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту сияқты ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, көпшіліктің қызығушылығын оятуда. Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады.