Ш.Қалдаяқов Атындағы Мектеп-гимназия Кмм .
2 сәуір -Халықаралық балалар кітабы күні.
2 сәуір балалар жазушысы, ақын әрі ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күні .Дәл осы күн Халықаралық балалар кітабы күні болып белгіленген.Кітап әр адамның сауалына жауап беруде бар нұрын құятыны сөзсіз.Ол барлық мәселені шешіп , алға жылжуға мүмкіндік береді.
Осыған орай мектебіміздің акт залында "Адал азамат", біртұтас тәрбие бағдарламасының "Балалар кітапханасы","Оқитын сынып" жобалары аясында "Кітапты сүйген бала- білімді бала" тақырыбында оқушылармен іс-шара өтілді.Кітап - баланың рухани байлығы, қиялының қанаты.Әрбір оқылған кітап-жаңа әлемге ашылған есік.Балаларымыз кітапты сүйіп өссін, білімге құштар болсын.
Іс- шарамыздың барысында "Оқитын сынып" жобасы бойынша таңдап алған 7"ә" сынып оқушыларымызды ,сынып жетекшісі Жұмашова Айзаданы "Алғыс хатпен" марапатталды. Оқушыларымыз өздерінің жыл бойына сіңірген білімдерімен бөлісті.





