18 наурыз - Ұлттық киім күні.#Біртұтас_тәрбие #Ұлттық_киім_күні #Наурызнама_2025жыл
Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Наурызнаманың онкүндігіне орай 18 наурыз - Ұлттық киім күні ұйымдастырылды.
Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.
Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді.
Бүгін - халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
Наурызнаманың бұл күні – "Ұлттық киім күні" деп аталуы себебі, ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық. Бұл күнді ұлттық киім күні деп атауы бекер емес. Өйткені, дәл осы күні ұлттық киімдер мен сәнді бұйымдар көрсетілімі халық назарына ұсынылып, барлығы бір күнде ұлттық киім киеді.
Осы керемет мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, әр үйде ұрпақтан – ұрпаққа берілетін басты отбасылық құндылықтар — өзара сыйластық, қонақжайлылық, үлкендерді құрметтеу, кішілерге қамқорлық таныту және ұлттық дәстүрлер сақталсын деп тілейміз!