Бүгін Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияда 1-қыркүйек "Білім күні"мерекесіне арналған "Мектебім-мейірім мекені"тақырыбындағы "Алғашқы қоңырау "салтанатты жиыны болып өтті.
Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің бас маманы Бақыт Бекмұрат ,аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары,полиция подполковнигі Асхат Нұрбеков,"Аталар комитетінің" төрағасы Дархан Елбасы,ардагер -ұстаз,Отырар ауданының Құрметті азаматы Бақытжан Сапарбай ,"Әжелер"кеңесінің төрайымы Айсұлу Әмзеева ,сондай -ақ мектеп -гимназия ұстаздары мен ата-аналар қатысып отырды.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.
Өткенді саралап,болашаққа бағдар жасау мақсатында алғашқы құттықтау сөз мектеп-гимназия директоры Талғат Жұматайұлына берілді. Келесі кезекте аудандық білім бөлімінің бас маманы Бақыт Бекмұрат мектеп-гимназия ұжымын Жаңа оқу жылымен құттықтап,игі тілегін білдірді.
Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары,полиция подполковнигі Асхат Нұрбеков өз кезегінде бірқатар шәкірттерге Алғыс хаттар табыстады.
1-сыныпқа қабылданып отырған Сейтжан Дамир "Қазақстаным"әнін орындады.
Алғашқы қоңырау соғу рәсіміне
1"А"сынып жетекшісі Айнұр Махатбаева шәкірттері Тұрлыбек Нұршуақ,Сейтжаппарова Саида,Қалмахан Аяна,Мейрамбек Мирас,
1"Ә"сынып жетекшісі Бақберген Нұрлы шәкірттері Елтайқызы Балым,Темірхан Адина,
1"Г"сынып жетекшісі Әбдуалиева Рима шәкірттері Ахмедияр Дана,Уәлихан Алихан ,
1"Д"сынып жетекшісі Жұмабекова Айгүл шәкірттері Сейтжан Дамир,Бағдатұлы Ерназар ие болды.
Шаттықтың үніндей мәңгілік,
Соғылсын қоңырау соғылсын.
Қуаныш әніндей жаңғырып,
Жүректер ақ нұрға шомылсын!
Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге ақ жол тілейміз!





