Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

1 қазан Қарттар күні

Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі.

1 қазан Қарттар күніне орай "Белсенді ұзақ өмір" орталығына ардагер қарттарымызға оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті.11"Б"сынып оқушысы Жәутік Асылжан арнау арнады.

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!

Көкіректен жыр төгілмей жата ма?

Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,

Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

1 қазан Қарттар күні