Выберите язык
Бұрымды қыз,
Бұрымды қыз,
Еріксіз тудырдың ғой жырымды қыз.
Арқадағы қос бұрым көзге түсіп,
Талай адам жолынан бұрылды қыз.
Бұрымды қыз,
Бұрымды қыз,
Алмай жүрсің жұмыспен тынымды қыз,
Әр талына бұрымның бақыт қонар,
Ұстай білсең шаштағы ырымды қыз.
Бұрымды қыз,
Бұрымды қыз,
Жақсы жақтан көрейік қырыңды қыз,
Қазағымның бар қызы сендей болсын
Алдырмаған салмақпен сырыңды қыз.
#ШҚалдаяқовмектепгимназия #Бұрымдықызчеленджі #Қазақтыңсұлуқыздары #3Асынып #05102024жыл
"ДАНАЛЫҚ-ҰСТАЗДАН"
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназиясының оқушылары
"Даналық ұстаздан"атты құттықтау челленджін ұйымдастырды.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 5 қазан - Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» челленджін жариялаған. Ұстаздарға құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған челленджге
8 «Ә» сынып жетекшісі Ж.Үкібаеваның ұйымдастыруымен, оқушылары құттықтау жолдап, өз үлестерін қосты.Челлендж аясында оқушылар ұстаздарға деген ақ тілектерін айтты.
Мұғалім - мамандық, ұстаздық - қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойында.
![]()
![]()
"ДАНАЛЫҚ - ҰСТАЗДАН" ЧЕЛЛЕНДЖІ "ҰСТАЗЫМ" ӘНІ
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес 5-қазан "Ұстаздар күні" мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Республикалық "ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН" челленджіне Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының білім алушылары"Қалықта әнім- Ұстазым" әнін хормен орындады.
2024 жылғы 3 қазанда сағат 12.00-де барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта "ҰСТАЗЫМ" әнін орындады.(әні А.Дүйсенов, сөзі Б.Шомбеков)
"ДАНАЛЫҚ - ҰСТАЗДАН" ЧЕЛЛЕНДЖІ "ҰСТАЗЫМ" ӘНІ
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес 5-қазан "Ұстаздар күні" мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Республикалық "ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН" челленджіне Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының білім алушылары"Қалықта әнім- Ұстазым" әнін хормен орындады.
2024 жылғы 3 қазанда сағат 12.00-де барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта "ҰСТАЗЫМ" әнін орындады.(әні А.Дүйсенов, сөзі Б.Шомбеков)
Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес "Ұстаздар күні"мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында республикалық" Даналық ұстаздан"челленджі Ұстаздар күніне арналған "Дублёр күні"өткізілді.
Мақсаты:
мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көпбасшылық қасиеттерін ашу, және білім алушылардың ұйымдатырушылық қаблеттерін іске асыру.
Дублер күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру;
3) барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5) білім алушыларда жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
6) білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
7) білім беру процесіндегі кері байланыстың жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру процесінің жай-күйін кешенді бағалауы Оқушылар ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарды. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті.
Дублер күні - оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезінді.
Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі.
1 қазан Қарттар күніне орай "Белсенді ұзақ өмір" орталығына ардагер қарттарымызға оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті.11"Б"сынып оқушысы Жәутік Асылжан арнау арнады.
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.