Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия ұжымы 16.11.2024жылы “Таза Қазақстан”экологиялық акциясы аясында сенбілікке шығып мектеп ауласы мен сынып кабинеттеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.
Выберите язык
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия ұжымы 16.11.2024жылы “Таза Қазақстан”экологиялық акциясы аясында сенбілікке шығып мектеп ауласы мен сынып кабинеттеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 15 қараша - "Ұлттық валюта күніне" орай "Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы" тақырыбында 7“Б” сынып оқушыларының қатысуымен сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Aқшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 14.11.2024 жылы АІІБ-нің қызметкерлері ИДН бастығы Меңлібаев Талғат, Отырар АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция капитаны Сейдехан Әлішер Серікұлы педагогтер мен кіші қызметкерлер арасында “Интернет алаяқтардан сақтандыру және алдын-алу жолдары “тақырыбында баяндама жасады.Баяндама барысында әлеуметтік желілер арқылы сауда жасаудағы сақтық шаралары,желідегі алаяқтардың кредит,онлайн кредит қауіпсіздіктері туралы жан-жақты түсінік жұмыстарын жүргізді.Алаяқтардан сақтандыру жадынамалары таратылды.
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ведомствалық бағынысты ұйымы "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі N 01-01/3746 хаты негізінде Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған энергия үнемдеу тиімділігін арттыру саласын дамыту тұжырымдамасында көрсетілген Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 1-11 сынып оқушылары үшін сынып жетекшілері тарапынан 11 ҚАРАША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНЕРГИЯ ҰНІМДЕУ КҮНІНЕ арналған сынып сағаты өткізілді.
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында ,Отырар аудандық білім бөлімінің 04.11.2024 жылғы №41/10/1094 санды хатын басшылыққа ала отырып 08.11.2024 жылы 8-11 сынып оқушылары мен ата-аналары,тәрбие орынбасарлары,мектеп тәлімгері,мектеп мінезгерлері,әлеуметтік педагог,ұйымдастырушы педагог,ҚББП,сынып жетекшілердің қатысуымен “Қауіпсіз балалық шақ үшін!» тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді.Жиналыста тәрбие орынбасары А.Алтынбекова “Бала қауіпсіздігі бәрінен қымбат” тақырыбында баяндама жасады.Баяндама барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінің, қысқы маусым кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу, суицид әрекеттерінің және оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарға кірмеуінің алдын-алу туралы айтылды.Мектеп мінезгері Б.Әжібек “Кибербулингтің алдын-алу және болдырмау”тақырыбында тренинг жүргізіп,жаман әдеттерден сақтандыру мақсатындағы бейнеролик көрсетілді..Мектеп медбикесі жиын соңында қыздар арасында “Ерте жүктіліктің алдын-алу” мақсатында баяндама жасады.Қыздар тәрбиесі туралы,жүріс-тұрыс мәдениеті туралы әңгімелер жүргізілді
Балаларды бірігіп қорғайық!
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 07.11.2024 жылы Түркістан облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы 9-11 сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жиынын өткізді.Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің бөлім басшысы Жорабек Жалғас Мұхтарұлы,Отырар аудандық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сарсеков Ғалымжан Рысқұлұлы,аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің теолог-маманы Сауытбаева Назира Нұржанқызы қатысты. Жиын барысында мамандар жат ағымдардан сақтандыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,жадынамалар таратты
Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның педагог психологы Б.Әжібек,Ш.Тасболат,логопед маманы Н.Рысқұл,ассисент маман А.Шакайдарлардың ұйымдастыруымен “Игі істер” апталығында “Жас суретшілер”, “Жас мүсіншілер”, “Жас қолөнершілер” жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.Жұмыс барысында оқушылардың көрме жұмыстары сараланып,үздік жұмыстар,мектеп-гимназия директорының марапатына ұсынылды. Шара соңында оқушылардың марапаттары жеке-жеке тапсырылып,оқушылар жақсы көңіл-күйде тарқады. Жүйелі жұмыстар алдағы уақытта жұмыстар жалғасын табады,жүйелі жұмыстар жүргізіледі
“Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балалар қалай салауатты өмір салтын ұстану, қалай денсаулықты дұрыс күту керектігін түсінді. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!
КҮЗГІ КАНИКУЛ КҮНДЕРІНДЕ
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 29.10.2024 жылы “Бала - біздің болашағымыз “ тақырыбында 1-11сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізілді
Мақсаты: Мұғалім,мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Ата-ана,бала,мектеп мұғалімдер үштігі арасында сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Мектеп-гимназия ата-аналар комитетінің төрағасы Жорабек Оралбек “ Бала - біздің болашағымыз” тақырыбында баяндама жасады.Баяндама барысында ата-аналарға отбасындағы тәрбиені арттыру,бала тәрбиесіне көңіл бөлу,бала бойына ұлттық құндылықтарды дарыту жөнінде кеңінен айтылды.
Мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алтынбекова “Күзгі каникул кезіндегі” қауіпсіздік ережесімен таныстырды.Сондай-ақ мектеп формасы,оқушылардың сабаққа қатысымы ,балалардың қауіпсіздігі мен ерте жүктіліктің алдын-алу және болдырмау,түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу туралы айтты.
Жарыс сөзге шыққан Әлиев Қалдыбай атамыз қазан айының соңғы күндері күн суытып,күннің қысқарғанын ,оқушылардың кешке үйге ертерек қайтуы үшін қоңырау ұзақтығын көктемге дейін ықшамдасаңыздар деген өтініш білдірді.
Бала - біздің болашағымыз!
Балалар аман болсын!
Балалардың қауіпсіздігін бірге қадағалайық!
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 25 Қазан Республика күніне орай мектеп-гимназия оқушылары Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында "Біртұтас тәрбие ” бағдарламасы аясында 10”а,ә,б,,г сынып оқушылары арасында “Күз ханзадасы мен ханшайымы” байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың білімдері мен өнерлерін,фантазиясын арттыру.Еңбекке,әсемдікке,достыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың өз-өздерін сахнада театрландырылған бөлімдерді орындауы,фантазиялық киімдерді үйлестіруі,өз өнерлерін жан-жақты көрсете білуі әділқазылар тарапынан өте жақсы деп бағаланды.Іс-шараға қатысқан шәкірттерімізге алғыс білдіреміз.
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында “Даналық мектебі” клубының аясында 23.10.2024 жылы “Туыстық қарым-қатынас-баға жетпес байлық” тақырыбында “Аталар өсиеті”,”Әкелер мектебі” төрағалары мен 1-11сынып оқушыларының аталары мен әкелерінің қатысуымен ұлттық құндылықтарды ,салт-дәстүрді,үлкенді құрметтеу,туыстық қарым-қатынасты нығайтуға арналған тәрбиелік мәні бар іс-шара өткізілді,Іс-шараға Отырар ауданының түрлі саласында еңбек еткен ардагер аталарымыз,”Отырар ауданының құрметті азаматтары” Құдайбергенов Төрехан,Бейсенбай Бекжан,Жүнісбеков Мансұрхан, Тұрсынбаев Жолдасбек,“Әкелер мектебі” кеңесінің төрағасы Туғанбаев Жарқынбек және әкелер кеңесінің мүшелері ,8-9-10 сынып оқушылары қатысты
Тәрбиелік іс-шарада “Әке қадірі” фильмі көрсетіліп ата-ананы қадірлеуге арналған аталар өсиеті мен әңгімелері тыңдалды.Мектеп психологы Б.Әжібек “Отбасылық жылулық” тақырыбында ата мен немере туыстық байланысын бақылауға,туыстықты арттыруға арналған тренинг өткізді.Жиын соңында іс-шараға қатысқан ата-әкелерге мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдірілді
Аталар өсиеті мен әкелер тәрбиесімен сусындап өсер ұрпақтарымыз аман болсын деген аталарымыздың баталарымен іс-шара өз мәресіне жетті.