Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназиясында мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылдың 22 қазан күні “Желідегі қауіпсіздік” флешмобы ұйымдастырылды.
Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, жасөспірімдер арасында достық, сенім және өзара көмектесі құндылықтары дамыту.Жауапты , саналы қолданушы болуға тәрбиелеу.
Интернеттегі жеке деректерді қорғау;
Күмәнді сілтемелер мен бейтаныс адамдардан келетін хабарламаларға сақтықпен қарау;
Кибербуллингтің алдын алу жолдары;
Әлеуметтік желіде өзін дұрыс ұстау ережелері.





