Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Официальный интернет-ресурс

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» Балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.

Республикалық Біріңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» Балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиыны Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жас азаматттарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Республикалық Біріңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» Балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынды мектеп-гимназия директоры Сарсенбаев Талғат Жұматайұлы ашып беріп, жас ұландарды құттықтап, оларды ел болашағы үшін адал, еңбекқор әрі білімді азамат болып өсетіне сенім білдірді. Іс – шара барысында ұйымның мақсаты мен міндеттері таныстырылып, оқушылар салтанатты түрде ант қабылдады.

Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Бұл жиын жас буынға үлкен рух пен жігер сыйлап, патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.