«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы ауласында орналасқан «Мәңгілік ел» ескерткішіне жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстар тарихи-мәдени мұраны сақтау,жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және соғыс ардагерлеріне деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.