«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылғы 2 қыркүйек күні
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:
«Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдарына сай, патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру.
Сынып сағатында ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері насихатталды, оқушылардың білімдері пысықталды.





