Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Официальный интернет-ресурс

"Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия" мектебінде Қамқор жобасы аясында іс-шара өтті

 

"Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия" мектебінде Қамқор жобасы аясында іс-шара өтті

1 қазан – Қарттар күніне орай Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның 10«Ә » сынып жетекшісі Ұ.Шындалиеваның ұйымдастыруымен ардагер ұстаз Сыздықова Шарипа ұстазымыздың үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйға тартып ,ыстық ықыластарын білдірді. Ізгі ниетпен жасалған сыйлық қарттарымыздың көңілдерін көтеріп , қуаныш сыйлады.

Бұл іс-шараның мақсаты – аға буынға құрмет көрсетіп, өскелең ұрпақтың бойына мейірім мен ізеттілік қасиеттерін сіңіру. 🌹

 

 

 

 

Видео 1