Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Официальный интернет-ресурс

Республика күні – Ел ертеңін қалыптастыратын жас көшбасшылар мерекесі!

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияда ұлт мерекесі – Республика күніне орай оқушылар арасында білім мен зердені дәріптейтін «21 ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Бұл тағылымды шараны өткізген –

педагог-ұйымдастырушы Тилекеева Зәуре.

Сайыстың мақсаты:

оқушылардың логикалық ойлау, шешім қабылдау қабілеттерін дамыту;

көшбасшылық қасиетін жетілдіру;

туған еліне деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру;

білімді, талантты жастарды қолдау.

📚 Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды:

1-кезең:

“Абайтану”,

2- кезең: "Сиқырлы ұяшықтар”,

3-кезең: “Қазақ тарихы”,

4-кезең: “Сұрақ-жауап”

Сайыстың 4 кезеңінде де оқушылар өз білгірлігін, тапқырлығын, шешендігін танытты.

Экраннан ЖИ аватар арқылы сұрақтар қойылды.

Барлық қатысушылар белсенділік танытып, нағыз білім мен намыс додасын көрсете білді!

Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

🏆 Жеңімпаздар:

🥇 1 орын – Ахмедияр Саят

🥈 2 орын – Тілеуберген Нұрасыл

🥉 3 орын – Жұматай Ердаулет

🌟 «Бүгінгі білімді жас — ертеңгі елдің кемел көшбасшысы!»

Осындай сайыстар жас ұрпақтың бойында жігер, жауапкершілік, отаншылдық қасиеттерді дамытады.