Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Официальный интернет-ресурс

"Оқырмандық белсенділікті арттырудағы мұғалімнің рөлі"тақырыбында аудандық семинар өтті.

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Балалар кітапханасы"жобасын жүзеге асыру және тәжірибеге енгізу мақсатында "Оқуға құштар мектеп"бағдарламасы аясында "Оқырмандық белсенділікті арттырудағы мұғалімнің рөлі"тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға жаратылыстану пән мұғалімдері мен кітапхана мамандары қатысты.

Семинарды аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай,әдіскер М.Жақсыбаева, мектеп-гимназия директоры Т.Сәрсенбаев ашып берді.

Тәжірибелік семинарда мектеп ұстаздары: химия пәні Үкібаева Жазира, биология пәні Ибраева Сандуғаш,Қазақстан тарихы пәні Абсаттарова Жанар,география пәні бойынша Көшерова Жұлдыз өз пәндерін көркем әдебиетті пәндік біліммен ұштастыра отырып білім алушылардың оқырмандық мәдениетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдерін кіріктірілген сабақ етіп өтті.

Мектеп кітапханашысы Г.Файзуллаева мен сынып жетекші А.Жұмашева "Оқитын сынып жобасы"аясында 7"Ә"сынып оқушыларымен бірге Шоқан Уәлихановтың туғанына 190жылдығына "Шоқан Уәлиханов мәңгі өшпес жарық жұлдыз" атты сабақ өтті.

Семинарды кітапхана мамандары А.Есенбекова,

А.Аңламасова,Г.Байгелова "Оқуға құштар ұрпақ" тақырыпта дәстүрлі және заманауи тәсілдер арқылы жалғастырды.Қорытынды сабақ "Әдебиет- рухани құндылығымыздың негізі" тақырыбында кітапхана мамандары Д.Әбжал,

А.Дәулетбекқызы,

А.Бакторазова,Г.Жолдасбаева бірлесіп өткізді.

Кері байланыс "Бір сөйлеммен түйін" тақырыбында кітапханашы қыздар Ж.Шерімбетова,Г.Сапарбекова түйіндеме,әдіскер Жақсыбаева Манат апай қорытындылады.

Мақсаты:Оқу белсенділігін арттыру,көркем әдебиетті пәндік біліммен ұштастыру.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту,оқуда,еңбекте ,өмірде кітапты пайдалануға баулу.