МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ТҮЛЕГІ Анар Жаппаркулова- ЕЛ МАҚТАНЫШЫ!
“Отырар ауданына 90 жыл” мерекелік медалінің иегері” атағыңыз құтты болсын!
Мектеп-гимназия түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанға белгілі ақын ат басын туған мектебіне бұрып, өзі басшылық ететін Әл-Фараби Кітапханасы Шымкент мекемесінен Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жеріне естелік пен белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың 2 томдық шығармалар жинағын сыйға тартты. Мектеп-гимназияның белді ұстазы болған анасы Зылиха Бекмұратованың кабинетіне бауырларыңызбен тұрақты демеушіліктеріңіз өзгеге үлгі. Өркеніңіз өссін, биіктей беріңіз ақын қыз, халқына жақын қыз! Елге қызметіңіз өте берсін, Алаштың алғысына бөлене беріңіз!





