Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Официальный интернет-ресурс

«Күзгі асар» жәрмеңкесі – адал еңбектің мерекесі!

«Күзгі асар» жәрмеңкесі – адал еңбектің мерекесі! 🧺🌽🍯

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағыты аясында,

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша

1-4сынып оқушылары арасында «Күзгі асар» жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

📌 Мақсаты:

– оқушыларды адал еңбекке баулу,

– еңбектің қадірін ұғындыру,

– ұйымшылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу,

– ата-ана мен баланың бірлескен жұмысын қолдау.

👩‍🏫 Іс-шараны ұйымдастырғандар:

ДТІЖО – А. Алтынбекова

🔹 Ұйымдастырушы педагог –

З. Тилекеева

✨ Өту барысы:

Жәрмеңкеде әр сынып өздерінің қолымен дайындаған күзгі өнімдерді, тәттілер мен қолдан жасалған бұйымдарды ұсынды. Балалар сатып, саудаласып, өз өнімдерін таныстырып, белсенділік танытты. Бұл – олардың жауапкершілігін, қарым-қатынас дағдысын және еңбекке деген құрметін арттырды.

🏅 Іс-шара соңында ерекше белсенділік танытқан оқушылар грамоталармен марапатталды. Бұл – олардың еңбегі мен талпынысына берілген әділ баға!

💬 «Күзгі асар» – балаларды адал еңбекке баулып қана қоймай, шынайы өмірлік тәжірибе сыйлаған құнды тәрбие сабағы болды.