"ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ!"
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 2025 жылдың 28 сәуір күні 1-2 сынып оқушылары арасында «Ер есімі – ел есінде!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерліктерімен танысып, ардагерлердің ерлік жолына тағзым етті.
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымыз туралы мағлұматтар беру;
Батырларымыздың есімі мәңгі ел есінде сақталатынын түсіндіру;
Оқушылардың бойына отанға деген батырларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Мұндай тәрбие сағаттары жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтып, тарихқа деген құрметті арттырады.
Ұлы Жеңіс – ұрпаққа мәңгілік үлгі!