Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Официальный интернет-ресурс

Біз буллингке қарсымыз!

Біз буллингке қарсымыз!

Ш.Қалдаяқоватындағымектеп-гимназиясының 8 «А,Ә,Г» сынып оқушыларымен сынып жетекшілері А. Елғондиева мен Б.Ержанқызы мен.Г.Төлендиеваның түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Атап айтсақ:

⚜️Бүгінде талай жастың өміріне қатер төндіріп тұрған буллинг қатерлі дертке айналғаны жасырын емес. Бұл күн сайын мыңдаған мектеп оқушыларының алдында тұрған күрделі мәселе. Психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық, қорлау баланың кейінгі өміріне әсер етуі мүмкін психологиялық жарақаттарды қалдырады.

⚜️Буллинг – адамға қарсы жасалған қысым, кемсіту немесе физикалық, психологиялық зиян келтірудің бір түрі. Бұл мектептерде, жұмыс орындарында немесе әлеуметтік ортада кең таралған мәселе.

⚜️Біз әркімнің қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеуді қолдаймыз. Әрбір білім алушы құрметке лайықты ортада болуға құқылы. Буллингке қарсы күресу арқылы біз теңдік пен сыйластыққа негізделген қоғам құруға үлес қосамыз.

⚜️Буллинг төзбеу үшін:

1. Кемсіту мен қорлауға жол бермеңіз.

2. Қорғансыз адамдарға көмектесіңіз.

3. Проблеманы байқасаңыз, үнсіз қалмаңыз.

4. Басқаларға үлгі көрсетіп, қолдау білдіріңіз

Видео 1