Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Официальный интернет-ресурс

«Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында ата-аналар жиналысы

Ш.ҚалдаяқоватындағымектепгимназияКММ мектебінде «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – балалардың интернет пен ақпараттық кеңістікті қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және киберқауіпсіздікке байланысты алдын алу шараларын түсіндіру болды.

📌Кездесу барысында ата-аналарға интернеттегі қауіпсіздік ережелері, құпиясөздерді сақтау, балаларды киберқатерден қорғау жолдары туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, балаларға да құпия кодтарды ешкімге бермеу қажеттілігі қатаң ескертілді.

📚Жиналыс ата-аналардың белсенді қатысуымен өтіп, мектеп әкімшілігі тарапынан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар берілді.