Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Официальный интернет-ресурс

8-11 сынып оқушыларымен "Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге жол жоқ!» атты маңызды құқықтық тақырыпта жиын өткізілді.

Отырар ауданы

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп гимназиясында 8-11 сынып оқушыларымен "Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге жол жоқ!» атты маңызды құқықтық тақырыпта жиын өткізілді.

Мектеп оқушыларына жеке бостандықтың маңызы мен заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 16-бабына сәйкес, адамның жеке бас бостандығына құқығы бар.

Әр адам өз өмір жолын, білімін, мамандығын және отбасын еркін таңдауға құқылы.

Зорлық-зомбылық – адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне қол сұғу. Бұл әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Физикалық немесе психологиялық қысым көрсету – заңмен жазаланады.

Сталкинг (қудалау)

Сталкинг – адамды үнемі мазалау, аңду, қорқыту арқылы оның тыныштығын бұзу. Бұл да жеке өмірге қол сұғу болып табылады және заңмен қорғалады.

Некеге мәжбүрлеу

Некеге мәжбүрлеу – адамның еркінен тыс некеге тұруға итермелеу. Қазақстан заңнамасына сәйкес, неке тек екі тараптың ерікті келісімімен ғана қиылады. Мәжбүрлеу – құқық бұзушылық.

Мақсаты:

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын білуге және қорғауға үйрету, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру.

Тәрбие жиыны барысында оқушыларға кері байланыс жүргізіліп,сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді