1 қазан – Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары "Белсенді ұзақ өмір "орталығына барып, ардагер қарттарымызды айтулы күнімен құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ізгі дәстүрге айналған бұл шара аясында ардақты қарияларымызға ән мен жырдан шашу шашылып, жылы лебіздер мен сый-құрмет көрсетілді.
Қадірменді қарттарымыздың өмірлік тәжірибесі мен даналығы – өскелең ұрпақ үшін сарқылмас қазына. Оларға деген құрмет пен алғыс – біздің азаматтық борышымыз.





