Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 12.05.2025 жылы”Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясындағы жылдық тәрбие жоспарына сәйкес 1-11сынып жетекшілері “Қауіпсіз қоғам” тақырыбында сынып сағаттары мен “Қауіпсіздік” сабақтарын өткізді.
МАМЫР айы:
“БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ АЙЫ”.
Апта дәйексөзі:
“ЖАЛҒАНДА ОЙЛАП ТҰРСАҢ БІРЛІК КЕРЕК, БІРЛІКТІ ОЙЛАУ ҮШІН ТІРЛІК КЕРЕК”
Дәйексөз – адам өміріндегі маңызды ойлар мен құндылықтарды қысқа әрі нұсқа жеткізетін сөздер. Жақсы дәйексөз бір сәтте шабыт беріп, терең ойға батыра алады. Көбіне бір ауыз сөз адамның өміріне бағыт-бағдар беріп, мақсатқа жетуге мотивация бола алады.
Мақсаты: Халық даналығы мен сүбелі сөздердің терең мағынасын ашу арқылы, оқушылардың жан дүниесін байыту, сөздің мағынасын түсініп, салмақты сөйлей алуға және дұрыс сөз саптай білуге тәрбиелеу.