-
Тилекеева Зауре Рахметуллаевна
Мен Тилекеева Зауре Рахметуллақызы 1981 жылы шілде айының 28 жұлдызында бұрынғы (Қызылқұм) қазіргі Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келдім. Жеті жасымда В.И.Ленин атындағы жалпы орта мектебінің бірінші сыныбына қабылдандым. Аталған мектепті 1998 жылы бітіріп шықтым,осы жылы ХҚТУ-нің Қазақстан тарихы факультетіне оқуға түстім. Аталмыш оқу орнын 2002 жылы ойдағыдай аяқтап шықтым. 2006 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Қазіргі таңда ұйымдастырушы педагог болып жұмыс жасаудамын. Отбасылымын, бір ұл, үш қызым бар.
-
Кошбагарова Улжалгас Алдабергеновна
Кошбагарова Улжалгас Алдабергенқызы 1985 жылы 31 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Мақташы елді мекенінде дүниеге келген. 1991 жылы Мақташы орта мектебінің табалдырығын аттап, 2003 жылы 11 сыныпты қызыл аттестатпен аяқтап, осы жылы халықаралық гуманитарлы-техникалық университетіне қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түскен. 2008 жылы оқу орнын бітіріп, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектебіне зертханашы болып жұмысқа орналасты. 04.01.2012 жылытігін үйірмесінің жетекшісі етіп ауысырып тағайындалды. 13.12.2017 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі етіп ауыстырылды. 04.01.2021 жылы осы мектептің қосымша білім беру педагогы болып тағайындалды.
-
Сыпатай Фарида Қыдырәліқызы
Мен, Сыпатай Фарида Қыдырәліқызы 1970 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар аулында дүниеге келдім. 1977 жылы 1-сыныпқа қабылданып, 1987 жылы Жаңабазар ауылы, М.Горький атындағы жалпы орта мектебін бітірдім. 1987 жылы Шымкент қаласы Шымкент педагогика институты филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 1992 жылы бітірдім.
1992 жылы Отырар ауданы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір аулындағы В.И.Ленин атындағы қазақ-орыс мектебіне қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып қабылдандым. Осы уақыт аралығында облыстық, республикалық көлемде пән олимпиадасына, ғылыми жоба жарыстарына, түрлі байқауларға шәкірттер дайындап, жетістіктерге жеттім.
2000-2009 жылдар аралығында «Руханият» қазақ тілі мен әдебиет пәнінің бірлестігінің жетекшісі, 2009 жылдан бері Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.
2005 жылы оқушым Жаппаров Бағлан республикалық ғылыми жоба жарысында ІІІ орын иеленіп, мемлекеттік грант иеленіп, облыстық «Дарынды балалар» кітапшасына енді.
2007 жылы облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталдым.
2009 жылы оқушым Жүсіпәлиева Гаухар песпубликалық «Абай оқулары» байқауында ІІІ орын, облыстық пән олимпиадасында І орынмен марапатталып, мемлекеттік грант жеңіп алды.
2020 жылы оқушым Болысбек Даниял республикалық «Жамбыл жырлары» ақындар айтысында ІІІ орын иеленіп, Алматы облысы білім басқармасының алғыс хатын иелендім.
Шығармашылық жұмыстарым облыстық, республикалық басылымдарға тұрақты жарияланып тұрады.
Жеістіктерім
1. 1994 ж. оқушысы Жаппарқұлова Анар облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің олимпиадасында жүлделі ІІ орынды иеленді.
2. 2001 ж. Отырар аудандық «Сынып жетекші-2001» сайысында жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 3. 2002 ж. Отырар аудандық «Жыл мұғалімі-2002» байқауында жүлделі І орынды иеленді. 4. 2003 ж. «Мақтау қағаз». Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім басқармасы - Білім қызметкерлері төл мерекесінде шығармашылық жұмысын насихаттағаны марапатталды. 5. 2004 ж. «Аудан экономикасы мен мәдениетін арттырудағы қажырлы еңбегі мен жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берудегі игілікті істері үшін» Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 6. 2005 ж.- жетекшілік еткен сынып оқушылары "Үздік мектеп бітіруші" құрметті атаққа ие болғаны үшін Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 7. 2005 ж. Облыстық «Дарынды оқушы-мемлекет қазынасы» атты ғылыми жоба жарысында оқушысы Жаппаров Бағлан І орын, республикалық ғылыми жоба жарысында «Ж.Тұяқбайдың «Иірім» романындағы тұрақты тіркестердің қолданылу ерекшеліктері» тақырыбындағы жұмысы ІІІ орынды жеңіп, республика көлемінде оқу грантын иеленді.
8. 2005 ж «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін» ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
9. 2005 ж. Оңтүстік Қазақстан облысының «Облыстық дарынды балалар» кітапшасына оқушысы Жаппаров Бағланмен бірге енді.
10. 2005 ж. Астана қаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қалдырған ізің мәңгілік» атты республиканың таңдаулы ұстаздарын қабылдау салтанатына қатысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан ұялы телефон сыйлығын иеленді.
11. 2005 ж. Оңтүстік Қазақстан «Алтын қор» шығармашыл ұстаздардың І фестивалінде ІІІ орын иеленіп, шығармашылық жұмыстары «Алтын қор» кітапшасына енгізілді.
12.2006 ж. «Біз Тәуелсіздіктің құрдастарымыз» атты облыстық байқауда оқушысы Жүсіпәлиева Гаухар ІІ орынмен марапатталды.
13.2007 ж. Республикалық «Абай оқулары» сайысында оқушысы Жүсіпәлиева Гаухар республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұлағат» журналдарының арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
14. 2007 ж. Облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және ерекше қызметі үшін облыстық мәслихаттың 28.02.2007ж №30/346-Ш шешімімен «Құрмет грамота» иеленді.
15. 2007ж. Республикалық «Игілік» басылымға оқушысы Жүсіпәлиева Гаухармен шығармашылық жұмыстары жарияланды.
16. 2007ж. Аудан әкімі Ә.Құртаевтың «Алғыс хатын» иеленді.
17. 2007 ж. Оқушысы Жүсіпәлиева Гаухар аудандық үздік оқушылар арасында «Әл-Фараби» стипендиясының иегері атанды.
18. 2008 ж. Облыстық «М.Мақатаев оқулары» байқауында оқушысы Жүсіпәлиева Гаухар ІІ орынды иеленді.
19. 2008 жылы оқушысы Жүсіпәлиева Гаухар республикалық «Айтбай ақынның -120 жылдығы» ақындар айтысында «Ең жас ақын» номинациясын иеленді.
20. 2009 жылы оқушысы Жүсіпәлиева Гаухар Оңтүстік Қазақстан Академиялық инновациялық университеті ұйымдастырған облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәндік олимпиадасында І орын иеленіп, аталмыш оқу орнының оқу гранты сертификатын жеңіп алды.
21. 2010 жылы облыстық «Үздік мектеп-2010» байқауында «Жаңашыл әдістемелік қызмет» тақырыбында жұмысы ІІІ орынды жеңіп алды.
22. 2011 жылы «Тілдерді дамыту мен қолдануда көрсеткен жетістіктері үшін» облыстық Тілдер басқармасының «Алғыс хатын» иеленді.
23. 2011 жылы Отырар аудандық «Педагогикалық калейдоскоп» байқауында оқу-әдістемелік жұмыстары негізінде І орынмен марапатталды.
24. 2011 жылы оқушысы Кішібаева Ғазиза республикалық «Ақ қауырсын» байқауында «Алғыс хатпен марапатталды.
25. 2011 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектебінің мектеп-гимназия статусын алуына қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қорғаған ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралары жоғары бағаланды.
26. 2012 жылы оқушысы Жүсіпов Оспан облыстық «Менің Елбасым» шығармалар байқауында ІІ орынды иеленді.
27. 2013 Оңтүстік Қазақстан облыстық «Ұрпақтар сабақтастығы-дәстүр жалғастығы» байқауында І орынды жеңіп алды.
28. 2013 жылы шығармашылық жетістіктері үшін Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Алғыс хатын» иеленді.
29. 2013-2014, 2014-2015 оқу жылдарында 11-сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ-да жоғары балл жинап, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Алғыс хатын» иеленді.
30. 2016 жылы оқушысы Болысбек Даниял аудандық «Бірлік басы-береке» жыр мүшәйрасында «Ойы ұшқыр ақын» номинациясын жеңіп алды.
31. 2016 жылы оқушылары ҰБТ-да қазақ тілінен жоғары балл жинағаны үшін аудан әкімінің «Алғыс хатын» иеленді.
32. 2017-2018 оқу жылында облыстық «Ақ желкен» зияткерлік олимпиадасында оқушысы Инкарбек Меруерт ІІІ орынмен марапатталды.
33. 2017 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» оқуыту курсын игерді.
34. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының «Алғыс хатын» иеленді.
35. 2018 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалының «Алғыс хатын» иеленді.
36. 2018 жылы «Жаңа дәуірдің мектебі» Халықаралық Х ғылыми-тәжірибелік көнференциясында белсенді ойлары үшін сертификат иеленді.
37. 2019 жылы Түркістан облыстық «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасында оқушысы Құлмаханов Нұрислам ІІІ орын иеленді.
38. 2019 жылы Түркістан облысының әдістемелік орталығының шығармашылық жетістіктері үшін «Алғыс хатымен» марапатталды.
39. 2020 жылы Түркістан облыстық «Алтын тобылғы» зияткерлік олимпиадасында оқушысы Нұрланқызы Әдемі ІІІ орынды жеңіп алды.
40. 2020 жылы Түркістан облыстық «Дара бала» ақындар айтысында ІІІ орынмен марапатталды.
41. 2020 жылы оқушысы Клименко Владислав облыстық «Абай оқуында» ІІІ орынды жеңіп алды.
42. 2020 жылы Түркістан облыстық «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасында оқушысы Зейілхан Айдана ІІІ орын иеленді.
43. 2020 жылы Түркістан облыстық «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасында оқушысы Нәсір Қарарқат ІІ орын иеленді.
44. 2021 жылы Түркістан облыстық «Алтын қыран-ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадада оқушысы Нәсір Қарақат І дәрежелі диплом иеленді.
45. 2021 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында жүлделі ІІ орынмен марапатталды.
46. 2021 жылы республикалық «Хабаршы» журналында «Мектеп-гимназияға 50-жыл» мақаласы жарияланды.
47. 2021 жылы Отырар аудандық «Инновация идеялар жобасы» байқауында жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
48. 2021 жылы ҚР «Ел Тәуелсіздігіне- 30 жыл» мерекесіне орай Отырар ауданының білім бөлімінің Алғыс хаты.
49. 2021 жылы Түркістан облыстық «Абай оқулары» байқауында оқушысы Болысбек Даниял «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломды жеңіп алды.
50. 2021 жылы ҚР Президент күніне орай өткізілген «Елбасы-елдің тірегі» атты облыстық айтыста оқушысы Болысбек Даниял ІІІ орын алып, пән мұғалімі ретінде облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
51. 2021 жылы Түркістан облыстық «Алтын қыран» олимпиадасына оқушы дайындағаны үшін білім басқармасының мақтау қағазы.
52. 2021 жылы Түркістан облысының білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
53. 2021 жылы Отырар ауданының білім бөлімінің «Үздік әдістемелік басылымдар» байқауында І дәрежелі дипломды жеңіп алды.
54. 2021 жылы Түркістан облыстық «Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры» халықаралық жас ақындар айтысында оқушысы Болысбек Даниял Алғыс хат иеленді.
55. 2021 жылы Түркістан облыстық «жырлаймын сені, туған ел» жыр мүшәйрасында оқушысы Болысбек Даниял ІІ орын иеленді.
56. 2022 жылы «А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойы аясында «Салт-дәстүрдің саңлағы һәм ұлт ұстазы» атты қалалық жас ақындар айтысында оқушысы Болысбек Даниял Алғыс хат.
57. 2022 жылы республикалық «Жыр алыбы-Жамбыл» атты жас ақындар айтысында оқушысы Болысбек Даниял Алғыс хат.
58. 2022 жылы республикалық «Жыр алыбы-Жамбыл» атты жас ақындар айтысында оқушысы сәуірхан Сұлтан ІІІ орынмен марапатталды.
59. 2022 жылы «Күміс домбыра-2022» республикалық жас ақындар байқауында оқушысы Болысбек Даниял бас жүлде- «Күміс домбыраны» жеңіп алды.
60. 2023 жылы 11-сынып оқушылары арасында өткен «Алтын түлек» байқауында 2 оқушысы ІІ орын, 1 оқушысы І орында жеңіп алды.
61. 2024 ж «Білім шыңы-Ғылым сыры» республикалық журналының №08 санында «Ы.Алтынсариннің қалдырған ізі мәңгілік өшпес» тақырыбында шығармашылық жұмысы жарияланды.
62. 2024ж. «Эссе жазудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік авторлық бағдарлама кітабы Республикалық деңгейде таратылып, №R00022. 08.02.2024 жылғы хаттама негізінде авторлық құқығына ие болу сертификатын иеленді.
63. 2020-2024 жылдар аралығында Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тұрақты сарапшылар құрамында жұмыс жасайды.
64. 2025ж. «Облыстық білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін» облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатын иеленді.
-
Умбетова Маржан Бейбитовна
Мен, Умбетова Маржан Бейбитовна, 1978 жылы 28-ақпан күні Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туылдым. 1984 жылы В.И.Ленин атындағы мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1994 жылы мектепті үздік аттестатқа бітірдім. Сол жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» факультетіне түстім. 2001 жылы «Шәуілдір» негізгі мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым. Сол мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін бірнеше жыл абыроймен атқардым. 2016жылы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия мектебіне мектеп тәлімгері болып ауысып, 3 жылдан кейін ұйымдастырушы педагог қызметін атқардым. Қазіргі таңда мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын. Еңбек жолымда бірнеше аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. 2015жылы және 2020жылдары 2 рет бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралым /авторлық бағдарлама/ республика көлеміне таратылды. 2019жылы Түркия мемлекеті арасындағы білім және ғылым салалары байланыстарын дамыту, білім саласының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін зерделеу, түркі тілдес елдердің мақтанышы Қожа Ахмет Ясауи мұраларының кеңінен насихатталуына үлес қосу мақсаттарында Стамбул қаласына мемлекеттік жолдамамен барып, тәжірибе алмастым. Бірнеше мақтау қағаздары, алғыс хат, дипломдармен, Түркістан облысы білім басқармасының 2015жылы «Құрмет» грамотасы, 2023 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Құрмет» грамоталарымен марапатталдым.
Отбасымда 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған анамын. Жұбайым Сапарханов Жамбыл Сапарханұлы Отырар ауданының тұрғыны, кәсіпкер.
Жетістіктерім:
-«Білім салтанатын құрудағы мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекеті» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы ұстаз келбеті» тақырыбында құнды баяндамасы үшін АЛҒЫС ХАТ / Өрлеу БАҰО АҚФ Шымкент 28.02.2019ж/
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудағы креативті, сыни ойлау, коммуникативті және командамен жұмыс жасау әдістерінің тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинарда жоғары деңгейдегі ашық сабағы үшін МАДАҚТАМА /Шымкент 2019ж/
- Мемлекет басшысының Жолдауындағы педагог мәртебесін көтеру, Қазақстан мен Түркия мемлекеті арасындағы білім және ғылым салалары байланыстарын дамыту, түркі тілдес елдердің мақтанышы Қожа Ахмет Ясауи мұраларының кеңінен насихатталуына үлес қосу мақсаттарында тәжірибе алмасуға Түркия елінің Стамбул қаласына мемлекеттік жолдама /Қаңтар 2019ж /
- «TALAPTYLAR.KZ» Республикалық үздіксіз даму орталығы ұйымдастырған шығармашылық байқауға шәкірт дайындағаны үшін АЛҒЫС ХАТ /Алматы 2019ж/
- «KAZRIO.KZ - Жас өркен» Республикалық білім мен қабілетті дамыту порталы, оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған шығармашылық байқауға шәкірттер дайындағаны үшін АЛҒЫС ХАТ /Алматы 2019ж/
- «АL - FARABY» Республикалық білім қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай республикалық «Абай жолы» жас көркемсөз оқу шеберлерінің сайысына шәкірттер дайындағаны үшін АЛҒЫС ХАТ /Алматы 2020ж/
- «Сөз таптарының грамматикалық сипаты» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал, авторлық бағдарлама /Алматы 2020ж/
- Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық кезеңі байқауынан шәкірті жүлделі І орынға ие болғаны үшін І дәрежелі ДИПЛОМ/ Шымкент 2020ж/
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім бергені үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ /Шәуілдір 2021ж/
- «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институт филиалының «Жаңа жүйе, жаңа сабақ, тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысқаны үшін сертификат /Шымкент 2021ж №1100/
- «Балалар жылы» аясында «Оқуға құштар ұлт» жобасын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонына шәкірттердің белсене қатысуына, жас ұрпақтың ой-өрісін дамытатын, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыратын ең үлкен де ұлы тәрбие құралы жақсы кітап оқып, шығармашылық шыңдалуына үлес қосып, жетекшілік еткеніңіз үшін АЛҒЫС ХАТ /Астана 2022/
- Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаны үшін АЛҒЫС ХАТ /Астана 2022ж/
- 2-4 сынып оқушылары арасында ХV Республикалық «Бастау» турнирінің аудандық кезеңінде оқушысы Базархан Дархан І орын алды /2022ж/
- Білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ /Түркістан-2023ж/
- «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институт филиалының мемлекетіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін Мадақтама Шымкент 2023ж №7181
- «Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық кезеңінде «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша өзінің шығармашылық идеясын және инновациялық жобасын ұсынғаны үшін І дәрежелі ДИПЛОМ /Шәуілдір-2023/
- «Педагогикалық идеялар фестивалі» облыстық кезеңінде «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша өзінің шығармашылық идеясын және инновациялық жобасын ұсынғаны үшін Мадақтама /Түркістан-2023/
- «Akberen Education» Ақберен республикалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған республикалық «Абай оқулары» конкурсына жеңімпаз тәрбиелеп, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат /Алматы 2024ж/
- «Ұстаз – мектеп тірегі» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының №144 санына «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты мақаласы жарық көрді /Алматы 2024ж/
- Республикалық «Ұстаз – мектеп тірегі» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына үздік сабақ жоспары мен мақаласын республика көлемінде таратып тәжірибе алмасқаны үшін Диплом /Алматы 2024ж/
- Түркістан облысы әкімінің орынбасарының «Алғыс хаты» /Түркістан 2025ж/
-
Алтынбекова Айсулу Аштархановна
Алтынбекова Айсұлу Аштархановна 1969 жылы 24 наурызда Қызылқұм ауданы,Маяқұм ауылында туылған. 1976 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылданып,1986 жылы мектепті үздік бітіріп шықты. 1986 жылы ауылда қалып еңбек жолын құрылысшы болып бастады.1987 жылы Кәсіптік техникалық училищенің тракторист-машинист мамандығын алып, мамандығы бойынша ауыл-шаруашылығында еңбек етті. 1988 жылы Түркістан идустриальды - педагогикалық техникумына түсіп 1991 жылы жақсы бітіріп шықты. 1991 жылы өзі оқыған Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебіне еңбек пәнінің мұғалімі болып қабылданды1994 жылдан бастап Отырар ауданы ,Шәуілдір ауылы Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады.2004 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің Кәсіптік білім мамандығын бітірді. 2013 жылдың қыркүйек айында мектеп тәлімгері болып қызмет атқарды.2013 жылдың қазан айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалып қазіргі таңда осы қызметті атқарып келеді.
1. «Тәрбие мен қосымша білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында жаңашылдық әдістемені қолдану – құзіреттіліктің бастауы » тақырыбындағы облыстық семинарда «Алғыс хаты»2017-2018 оқу жылы
2. «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі »тақырыбындағы тамыз кеңесінде баяндамасы үшін «Алғыс хаты» 2017-2018 оқу жылы
3. «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысының «Алғыс хаты» 2018 жыл
4. Облыс оқушылары арасында «Туған жерге тағзым »айдарымен өткізілген облыстық өнер фестивалінде Облыстық білім басқармасының Дипломы. 2018-2019 оқу жылы
5. Облыстық әдістемелік орталығының «Алғыс хаты» 2018-2019 оқу жылы
6. Түркістан облыстық дін саласы басқармасының Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған семинар кеңесінен сертификат алдым
7. «ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және ұлттық стандартқа сай қолдану бағытындағы жұмыстар» тақырыбындағы семинарынан сертификат алдым 2018-2019 оқу жылы
8. Облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты »2019 жыл
9. Республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» өнер мен білім байқауында оқушым Телғозы Жұлдыз ІІ орын Дипломмен марапатталды. 2019-2020 оқу жылы
10. Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда еңбегі үшін» «Құрмет грамотасы» 2020жыл
11. Аудандық шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбие саласының мамандарын анықтау мақсатында өткен «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» байқауынан «Бас жүлде» дипломымен марапатталдым
12. Түркістан облыстық шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбие саласының мамандарын анықтау мақсатында өткен «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» байқауынан ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталдым 2020-2021 оқу жылы
13. Аудандық «Әбу Нәсір әл –Фарабидің 175 жылдық мерейтойына «Фараби әлемі » байқауынан оқушым Ибраева Жансая «Бас жүлде» Дипломмен марапатталды.
14. Аудандық «Нұр Отан » партиясының «Алғыс хаты»
15.2021жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.
15. Түркістан облыстық «Тұлпар мініп,ту алған»өнер фестивалінен «Диплом», «Алғыс хат»
2022 жыл
16..Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хаты»2022- 2023 оқу жылы
17..2023-2024 оқу жылы Түркістан облысының адами-әлеуетті дамыту басқармасының «Ұлт келбеті –жас маман»тақырыбында өткізілген жас мамандар форумында білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапатталдым
18. Білім саласының дамуы мен зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан үлесі үшін қоқсан үлесі Түркістан облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты»
2020 жылдан бері тәрбие саласы бойынша облыстық шығармашылық топтың мүшесімін
-
Сарсенбаев Талгат Жуматаевич
Сарсенбаев Талгат Жұматайұлы
1968 жылы 2 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Ынталы ауылында дүниеге келген.1975 жылы Ынталы бастауыш мектебінде,1979-1985 жылдары Жамбыл орта мектебінде оқып,1985 жылы 10 сыныпты жақсы бітірген соң осы жылы Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінің «география-биология» бөліміне оқуға түскен.1986-1988 жылдары әскер қатарында болған.1992 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық университетінің жаратылыстануфакультетінің «география-биология»пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.1992-1994 жылы Сарыкөл орталау мектебінде мұғалім, 1994-1998 жыл Ынталы орталау мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,1998-2006 жылы Ә.Байтанаев атындағы негізгі мектебінің директоры,2006-2008 жылдары С.Мұханов атындағы орта мектебінің директоры,2008-2009 жылы П.Әйтменов атындағы негізгі мектебінің директоры,2009-2011 жылдары Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің директоры,2011-2014 жылдары Көкмардан жалпы орта мектебінің директоры,2014 жылдың 28-қазан айынан бастап Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің директоры,15.11.2023 жылдан Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия директоры қызметін атқаруда
2015 жылы 26-тамызда Қазақстан Республикасы «Конституциясына 20 жылдық мерекелік медалімен», 2016 жылы 01-маусымында білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.Облыстық білім басқармасымен аудандық білім бөлімінің және аудан әкімінің бірнеше рет марапаттауларымен,Оңтүстік Қазақстан обылысы әкімінің грамотасымен мараптталған.
-
Омарова Меруерт Әлжаппарқызы
Мен, Омарова Меруерт Әлжаппарқызы 1974 жылы 7 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәмші ауылында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ
1981 жылы Шәмші ауылындағы Абай орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, 1992 жылы Шәмші ауылындағы Абай орта мектебін бітірдім.
1992 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түсіп, филология факультетін бітірдім.
1996 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет жолын бастадым.
2001 жылы 1 қыркүйектен бастап, Шәуілдір ауылындағы «Шәуілдір» негізгі мектебіне тәлімгер қызметін атқардым.
2006 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім.
2010 жылы «Шәуілдір» негізгі мектеп, бастауыш мектеп болуына байланысты, Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектепке оператор қызметіне ауыстым.
2013-2015 жж. аралығында Шымкент қаласы. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Информатика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым.
2015 жылғы 1 қараша айынан бастап, «Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде информатика пәні мұғалімі қызметін атқардым.
2019 жылы 1 ақпан айында «Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпараттық-технология жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін. Еңбек өтілім 28 жыл, Педагог-сарапшымын.
Қол жеткізген нақты нәтижелерім үшін мақтау қағазымен марапатталдым.
Біліктілік санатын беру, растау жөніндегі комиссиясының 2022 жылы 25 тамыздағы шешіміне сәйкес Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының №272 бұйрығына 1-қосымша информатика пәнінің мұғалімі лауазымы бойынша сарапшы №45 біліктілік санатын алдым.
2023 жылғы 29 тамыздағы №179 бұйрығымен Біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес Үшінші біліктілік санаты 091 тіркеу нөмірі берілді. (расталды).
Тұрмыс құрғанмын екі қызым бар.
-
Сапарбаев Ербол Бакытжанович
Мен Сапарбаев Ербол Бакытжанович 1978 жылы 18 Сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туылғанмын. 1984 жылы бастап В.И.Ленин атындағы жалпы орта мектебіне қабылданып, 1995 жылы осы аталған орта мектепті бітірдім.
1995-1999 жылдары Түркістан қаласындағы МҚТУ университетінің тарих-филология факультетінің тарих мамандығы бойынша оқып бітірдім. 1999 жылы 23 тамыздан осы аталған Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқара бастадым.
2009 жылдың 19 қарашасында директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2012 жылдың 9 қазанынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын.
Жанұялымын. 1 қыз, 3 ұлым бар.
Жетістіктерім:
2021жыл «Мұғалімдер күні» құрмет грамотасы
2023ж Алғыс хат
Облыстық мұғалімдер олимпиадасы ІІІ орын 2020 жыл №1644
«Педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу факторы» озық тәжірибелі педагогтер слеті СЕРТИФИКАТ Түркістан қ 2019 ж №1136
«Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курсы бойынша СЕРТИФИКАТ 2021 жыл №544
Республикалық РІSA -2018 халықаралық зерттеудің негізгі кезеңін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі оқыту семинары
СЕРТИФИКАТ Астана 2018ж
«Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпадасында оқушысы БАС ЖҮЛДЕ 2021 жыл № 7968
Облыстық Өрлеу біліктілікті арттыру орталығның үздіксіз ізденімпаздығы үшін МАДАҚТАМА Шымкент қ. 2023 жыл № 7168
Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК журналына «Траншеядан атом бомбаларына дейін: бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстағы ерекшелік» тақырыбында мақала шықты 2023 жыл №4/11
Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» журналы кәсіби шеберлік танықтаны үшін МАДАҚТАМА 2023 жыл № 216 (11)
Аудандық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4 балл, 3 балл, 2 балл;
2024 ж.Пәндік олимпиада 1 орын
2021 ж.Пәндік олимпиада 3 орын
2022 ж.Пәндік олимпиада 2 орын
Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпадасында оқушысы БАС ЖҮЛДЕ 2021 жыл № 7968
Облыстық Өрлеу біліктілікті арттыру орталығның үздіксіз ізденімпаздығы үшін МАДАҚТАМА
Шымкент қ. 2023 жыл № 7168
Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК журналына «Траншеядан атом бомбаларына дейін: бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстағы ерекшелік» тақырыбында мақала шықты 2023 жыл №4/11
Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» журналы кәсіби шеберлік танықтаны үшін МАДАҚТАМА2023 жыл № 216 (11)
Түркістан облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасы» №1490
-
Байжанова Кенжекыз Асилхановна
Байжанова Кенжекыз Асилхановна 1965 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Қызыл шаруа елді мекенінде дүниеге келді. 1972 – 1982 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы №10 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебін оқып, бітірді. 1982 жылы Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының физика-математика факультетінің математика бөліміне түсіп, оны 1986 жылы математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1986 – 1990 жылдар аралығында Түркістан ауданы Коммунизм колхозы М.Әбенова атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1990-1992 жылдары Отырар аудандық білім бөлімінде математика пәнінің әдіскері болып қызмет атқарды. 1992 жылдан бастап Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияда математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. Осы мектеп-гимназияда 2007-2012 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2012 жылдан мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда.
Байжанова Кенжекыз Асилхановна – жоғары санатты мұғалім, білікті ұстаз. Өз ісіне шын берілген маман ретінде танымал, ізденімпаз, бала жанын түсінетін психолог, еңбекқор, кез-келген ортаның ұйытқысы бола алатын, рухани бай, отаншыл, мәдениетті, заманмен бірге қадам жасайтын тәжірибелі маман. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша 2014 жылдың 03.03-06.06 аралығында мұғалімдерді оқыту курсын оқып, сертификатталды. 2016 жылы жаңа мазмұнды бағдарлама бойынша тренерлік курсты оқып, сертификатталды. Оқушылар мен әріптестердің арасында беделді, оқушыларды тәрбиелеу бағытында көптеген жұмыстар өткізді. 2018 жылы жаңа мазмұндағы білім беру бағдарламасы бойынша екі апталық курсты оқып, сертификатталды.
Байжанова Кенжекыз Асилхановна - балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алып, биік шыңдарды бағындыра білуі - ұстаздың еңбегі деп санайтын ұстаз. Үнемі ізденіп жүреді. Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау керек деп есептейтін ұстаз күнделікті баланың сабаққа деген қызығушылығын оятып, жақсы оқуына ықпал жасап келеді.
Байжанова Кенжекыз Асилхановна - әріптестеріне, ата-аналарға, шәкірттерге сыйлы, бай мінезді, іскерлігі әрдайым шыңдалып отырған ұстаз. Ол өз өмірінің басты мақсатын жас ұрпаққа сапалы білім және саналы тәрбие беру деп санайды. Байжанова Кенжекыз Асилхановна алға қойған мақсатқа қол жеткізу жолындағы табандылықпен ерінбей еңбек етуінің арқасында әрбір оқушымен шығармашылық мақсатта жеке жұмыс жүргізе біледі. Оқушылардың жан-жақты өсуіне барынша жағдай жасайды және сол жұмыстарының нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетті.
- 2003-2004 оқу жылында оқушысы аудандық олимпиададан І орын алып, облыстық олимпиададан жүлделі ІІ орынды иеленді.
- 2004-2005 оқу жылында математика пән мұғалімдерінің аудандық олимпиадасында бас жүлдені алып, облыстық олимпиададан жүлделі ІІІ орынды иеленді.
- 2004-2005 оқу жылында аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
- 2005-2006 оқу жылында өткен кабинеттер байқауында жабдықтаған математика кабинеті ауданнан да, облыстан да жүлделі І орынмен марапатталды.
- 2007 жылы облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасын;
- 2010 жылы аудандық «Үздік ұйымдастырушы» байқауында - І дәрежелі дипломын;
- 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай өткізілген облыстық өнер фестивалінде «Назерке» би тобына жетекшілігі үшін - облыстық білім басқармасының грамотасын;
- 2012 жылы «Білім беру жүйесін жаңарту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбындағы облыстық педагогикалық тамыз кеңесінде құнды баяндама жасағаны үшін - Облыстық білім басқармасының грамотасын иеленді.
- 2013 жылы шығармашылық жетістігі үшін - облыстық білім департаментінің Алғыс хатын иеленді.
- 2014 жылы облыстық математикадан өткен «Самұрық» байқауында оқушысы І орынды жеңіп алды.
- 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
- 2017 жылы аудандық «Ғылыми – әдістемелік жұмыстың үздік үлгісі» тақырыбындағы байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2017 жылы аудандық «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбындағы тамыз педагогикалық оқуында Мадақтама қағазын иеленді.
- 2018 жыл. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
- 2019 жыл. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды;
- 2021 жыл. Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігінің 30 жылдық» мерекесіне орай Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Құрмет грамотасы;
- 2021 жыл.Республикалық ғылыми-әдістемелік «Хабаршы» журналына «Білімді ұстаз, дарынды шәкірт - мектеп мақтанышы» мақаласы жарияланды;
- 2021 жыл. Түркістан облыстық әдістемелік орталықтың «Мұғалімдер пән олимпиасына» пән олимпиадасы. ІІ дәрежелі диплом;
- 2022 жылы Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хаты;
- 2022 жыл. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатын иелендім;
- 2022 жыл. Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде оқушысы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
- 2022 жылы 5-6-сынып оқушылары арасында өткен «Дарын» олимпиадасында оқушысы ауданнан ІІ дәрежелі дипломды иеленді;
- 2022 жыл. Балалар жылы аясында облыстық іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан үлесім үшін Түркістан облысы білім басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды;
Ғылыми жұмыс нәтижесі бойынша
- 2014-2015 оқу жылында 11 -сынып оқушысы Клименко Иван орыс сыныбындағы қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың пәндік олимпиадасында облыстан және республикадан жүлделі ІІ орынды иеленді.
- 2014-2015 оқу жылында 11- сынып оқушысы Сапархан Айшолпан Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың V халықаралық конкурсында математика және механикадан зерттеу жұмыстары бойынша жүлделі орынды иеленіп, грант сертификатын жеңіп алды.
- 2023-2024 оқу жылында 10 -сынып оқушысы Руайдаева Рахима география пәні бойынша ауыл мектептері оқушыларына арналған пәндік олимпиадасында облыстан І орын, республикадан жүлделі ІІ орынды иеленді.
- 2024-2025 оқу жылында 11 -сынып оқушысы Сайлау Әсел қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ауыл мектептері оқушыларына арналған пәндік олимпиадасында облыстан ІІ орын, республикадан да жүлделі ІІ орынды иеленді.
- Мектеп-гимназия соңғы бес жылда олимпиада, ғылыми жұмыстар және түрлі байқауларда алдыңғы үштіктен көрінуде.
Жанұялы. Отбасылы. Отбасында екі ұл, екі қыз тәрбиелеген үлгілі жанұяның отанасы.